БАҚ өкілдерінің назарына‼️

«Жетісу» футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасы мен Қазақстан Кубогы аясында клубтың өз алаңында өтетін матчтарға медиа аккредитация басталғанын хабарлайды.

Аккредитациядан өту үшін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арнайы Google форма арқылы өтінім толтыруы қажет.
Өтінімде БАҚ атауы, журналистің деректері және байланыс мәліметтері көрсетілуі тиіс.

Google формаға өту үшін клубтың Instagram парақшасындағы актуальныйдағы (Highlights) сілтеме арқылы өтінім толтыру қажет.

«Жетісу» футбол клубының баспасөз қызметі аккредитация санын шектеу немесе өтінімге сәйкес аккредитация беруден бас тарту құқығын өзіне қалдырады.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі — 2026 жыл  20 наурызға дейін.

Share

Leave a comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *

на верх