
Футбол орталығындағы жылдар бойғы еңбек, табандылық пен үлкен мақсатқа деген сенім — бүгін үлкен футболдағы алғашқы қадамға айналды.
Клубымыздың басты мақсаттарының бірі — өз тәрбиеленушілерімізге мүмкіндік беріп, оларды үлкен футболға шығару.
Артурдың дебюті — клуб академиясында атқарылған жүйелі жұмыстың және жас ойыншыларға көрсетілген сенімнің жарқын нәтижесі.
Біздің футбол орталығымыздың тағы бір түлегі енді Премьер-лигада!
Дебютің құтты болсын, Артур Егоров! Алда жаңа жетістіктер, жарқын матчтар мен үлкен жеңістер күтіп тұр! 🟡🔵⚽️