Қуаныш Мәдиұлы Әжмағамбетовтың дүниеден өтуіне көңіл айтамыз

Талдықорған өнеркәсібінің аңызы, тұтас бір дәуірдің символы болған Қуаныш Мәдиұлы Әжмағамбетовтың дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз.

Ол — тоқырау заманында аккумулятор зауытын сақтап қалып, оны ел мақтанышына айналдырған нағыз «халық директоры» еді. Сонымен қатар, Қуаныш Мәдиұлы өз уақытында «Жетісу» футбол клубына үлкен қолдау көрсетіп, оның қалыптасуы мен дамуына баға жетпес үлес қосты. Оның табандылығы мен жауапкершілігі қаламыз бен спортымыздың өркендеуіне жол ашты.

«Жетісу» футбол клубының ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, сабыр тілейді. Оның есімі мен еңбегі ел жадында мәңгі сақталады.

Share

Leave a comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *

на верх