1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!

Бұл күн – татулық пен түсіністіктің, достық пен өзара құрметтің символы. Түрлі ұлт пен мәдениетті бір шаңырақ астына біріктірген еліміздің басты байлығы – бірлігіміз бен ынтымағымыз.

“ЖЕТІСУ” футбол клубы барша жанкүйерлерді, серіктестерді және қазақстандықтарды осы мерекемен шын жүректен құттықтайды!

Бірлігіміз бекем, еліміз аман, көк туымыз әрдайым биікте желбірей берсін!
Ортақ мақсат жолында әрдайым бірге болайық!

Share

Leave a comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *

на верх