Көптен күткен жаңа маусым басталды!🔥 Астана vs Жетісу🏆 КПЛ-2026 | 1-тур📅 8 наурыз🕒 18:00🏟 Астана арена стадионы📺 Qazsport / YouTube #АстанаЖетісу | #АлғаЖетісу🟡🔵 …
«Жетісу» футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасы мен Қазақстан Кубогы аясында клубтың өз алаңында өтетін матчтарға медиа аккредитация басталғанын хабарлайды. Аккредитациядан өту үшін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арнайы Google форма арқылы өтінім толтыруы қажет.Өтінімде БАҚ атауы, журналистің деректері және байланыс мәліметтері көрсетілуі тиіс. Google формаға өту үшін клубтың Instagram парақшасындағы актуальныйдағы (Highlights) сілтеме арқылы өтінім толтыру қажет. «Жетісу» футбол клубының баспасөз қызметі аккредитация санын шектеу немесе өтінімге сәйкес аккредитация беруден бас тарту құқығын өзіне қалдырады. Өтінімдерді қабылдау мерзімі — 2026 жыл 20 наурызға дейін. …
Сіздерге зор денсаулық, бақыт, қуаныш және әрқашан көтеріңкі көңіл-күй тілейміз.Әр күніңіз жылулық пен шаттыққа толы болсын! Мерекелеріңізбен, құрметті әйелдер! …
Қазақстан футболының жанкүйерлеріне жақсы таныс тәжірибелі маман Павел Лаптев «Жетісу» клубының құрамына қосылды. Павел Викторович бұған дейін «Ақтөбе», «Тобыл», «Ақжайық», «Астана» клубтарында қызмет атқарып, сондай-ақ Қазақстан ұлттық құрамасының жұмысына өз үлесін қосқан. Тәжірибесі мол маманға көк-сары ұжыммен бірге сәттілік пен жарқын жеңістер тілейміз! Қош келдіңіз, Павел Викторович! …
Бір маусымдық үзілістен кейін орталық жартылай қорғаушы Талдықорғанға қайта оралды.Мосиашвилидің оралуы — командаға жаңа серпін мен тәжірибе қосатынына сенімдіміз. 🔵🟡 Қайта қош келдің, Цотне!Көк-сары жейдеде сәтті ойын мен жарқын жеңістер тілейміз! …