Вратари
13.06.2026
Бүгінгі «Жетісу» – «Оқжетпес» матчында клубымыздың футбол орталығының түлегі Артур Егоров Қазақстан Премьер-лигасында алғаш рет алаңға шығып, дебют жасады.
Футбол орталығындағы жылдар бойғы еңбек, табандылық пен үлкен мақсатқа деген сенім — бүгін үлкен футболдағы алғашқы қадамға айналды. Клубымыздың басты мақсаттарының бірі — өз тәрбиеленушілерімізге мүмкіндік беріп, оларды үлкен футболға шығару. Артурдың дебюті — клуб академиясында атқарылған жүйелі жұмыстың және жас ойыншыларға көрсетілген сенімнің жарқын нәтижесі. Біздің футбол орталығымыздың тағы бір түлегі енді Премьер-лигада! Дебютің құтты болсын, Артур Егоров! Алда жаңа жетістіктер, жарқын матчтар мен үлкен жеңістер күтіп тұр! 🟡🔵⚽️ …







