Трансфер

Трансфер
29.04.2026

Қош келдің, Луна Флорес!

«Жетісу» футбол клубы қорғаушы Луна Флореспен келісімшартқа отырғанын ресми түрде хабарлайды. Футболшы шетелдік чемпионаттармен қатар Ресейдің Балтика және Химки клубтарында өнер көрсетіп, жоғары деңгейде тәжірибе жинаған. Ол қорғаныста сенімді ойынымен, физикалық дайындығымен және ойын оқи білу қабілетімен ерекшеленеді. Луна Флорес команданың қорғаныс шебін күшейтіп, алға қойған мақсаттарға жетуге өз үлесін қосады деп сенеміз. «Жетісу» клубына қош келдің! …
Трансфер
11.03.2026

Павел Лаптев — «Жетісу» сапында!

Қазақстан футболының жанкүйерлеріне жақсы таныс тәжірибелі маман Павел Лаптев «Жетісу» клубының құрамына қосылды. Павел Викторович бұған дейін «Ақтөбе», «Тобыл», «Ақжайық», «Астана» клубтарында қызмет атқарып, сондай-ақ Қазақстан ұлттық құрамасының жұмысына өз үлесін қосқан. Тәжірибесі мол маманға көк-сары ұжыммен бірге сәттілік пен жарқын жеңістер тілейміз! Қош келдіңіз, Павел Викторович! …
Трансфер
11.03.2026

Цотне Мосиашвили — «Жетісу» ойыншысы!

Бір маусымдық үзілістен кейін орталық жартылай қорғаушы Талдықорғанға қайта оралды.Мосиашвилидің оралуы — командаға жаңа серпін мен тәжірибе қосатынына сенімдіміз. 🔵🟡 Қайта қош келдің, Цотне!Көк-сары жейдеде сәтті ойын мен жарқын жеңістер тілейміз! …
Трансфер
11.03.2026

🟡🔵 Қош келдің, Йован!

Черногориялық қорғаушы Йован Пайович енді біздің клуб сапында. Тәжірибелі қорғаушы команда қорғанысын күшейтіп, КПЛ додасында сенімді ойын көрсетеді деп сенеміз. Көк-сары жейдеде сәттілік пен жарқын жеңістер тілейміз! 💪⚽@jovan20pajovic …
на верх