Classic Blog with Right Sidebar

Чемпионат
28.05.2026

Серікжан Мужиков Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасына шақырту алды.

«Жетісу» ФК ойыншысы Серікжан Мужиков Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасына шақырту алды.Бұл — клубымыз үшін үлкен мақтаныш.Серікжанға алдағы ойындарда сәттілік пен жарқын нәтиже тілейміз! ⚡️Қазақстан құрамасы маусым айында Армения және Мажарстан құрамаларына қарсы сырт алаңда екі жолдастық кездесу өткізеді. Ел намысын абыроймен қорға, Серікжан! …
Праздники
27.05.2026

Құрбан айт мерекесі құтты болсын! 🌙

«Жетісу» футбол клубы барша жанкүйерлерді, серіктестерді және футбол қауымдастығын қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтайды! Бұл мейірім мен ізгіліктің мерекесі. Әр шаңыраққа амандық, береке, татулық пен молшылық әкелсін.Жүректеріңізге тыныштық, отбасыларыңызға қуаныш пен бақыт тілейміз.🙏🏽 …
Праздники
01.05.2026

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!

Бұл күн – татулық пен түсіністіктің, достық пен өзара құрметтің символы. Түрлі ұлт пен мәдениетті бір шаңырақ астына біріктірген еліміздің басты байлығы – бірлігіміз бен ынтымағымыз. “ЖЕТІСУ” футбол клубы барша жанкүйерлерді, серіктестерді және қазақстандықтарды осы мерекемен шын жүректен құттықтайды! Бірлігіміз бекем, еліміз аман, көк туымыз әрдайым биікте желбірей берсін!Ортақ мақсат жолында әрдайым бірге болайық! …
Трансфер
29.04.2026

Қош келдің, Луна Флорес!

«Жетісу» футбол клубы қорғаушы Луна Флореспен келісімшартқа отырғанын ресми түрде хабарлайды. Футболшы шетелдік чемпионаттармен қатар Ресейдің Балтика және Химки клубтарында өнер көрсетіп, жоғары деңгейде тәжірибе жинаған. Ол қорғаныста сенімді ойынымен, физикалық дайындығымен және ойын оқи білу қабілетімен ерекшеленеді. Луна Флорес команданың қорғаныс шебін күшейтіп, алға қойған мақсаттарға жетуге өз үлесін қосады деп сенеміз. «Жетісу» клубына қош келдің! …
Команда
06.04.2026

Туған күніңмен, Мансур! 🎉

Саған мықты денсаулық, сарқылмас энергия және әр ойында жоғары нәтиже тілейміз.Алаңда да, өмірде де өз биігіңді бағындырып, жанкүйерлерді керемет ойынмен қуанта бер! Жетісу жейдесінде сенімді ойын мен жарқын жеңістер көп болсын! 🔥 …
Объявление
04.04.2026

Жанкүйерлердің назарына

11 сәуір күні Алматыда өтетін “Жетісу” – “Елімай” арасындағы маусымның кезекті матчының біздің сектор билеттері сатылымға шықты. Сілтемесі стористе. Жетісудың белсенді жанкүйерлеріне “Хан Тәңірі ” стадионының B және C секторы бөлінген. Билеттер Ticketon сайтында сатылады. …
Объявление
04.04.2026

Қуаныш Мәдиұлы Әжмағамбетовтың дүниеден өтуіне көңіл айтамыз

Талдықорған өнеркәсібінің аңызы, тұтас бір дәуірдің символы болған Қуаныш Мәдиұлы Әжмағамбетовтың дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Ол — тоқырау заманында аккумулятор зауытын сақтап қалып, оны ел мақтанышына айналдырған нағыз «халық директоры» еді. Сонымен қатар, Қуаныш Мәдиұлы өз уақытында «Жетісу» футбол клубына үлкен қолдау көрсетіп, оның қалыптасуы мен дамуына баға жетпес үлес қосты. Оның табандылығы мен жауапкершілігі қаламыз бен спортымыздың өркендеуіне жол ашты. «Жетісу» футбол клубының ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, сабыр тілейді. Оның есімі мен еңбегі ел жадында мәңгі сақталады. …
на верх